05
март
2022
"ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны
📚📚Бастауыш сынып апталығының жоспарына сәйкес бүгін 3-ші сыныптар арасында "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік ойыны өтті.
Мақсаты: Оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын оята отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, дүниетанымын кеңейту, ұйымшылдыққа,тапқырлыққа алғырлыққа зейінді болуға тәрбиелеу. Ойын барысында оқушылар өздерінің жан-жақтылығын көрсетіп, тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде "ХХІ ғасыр көшбасшысы" ойынының жеңімпазы 3"ә" сынып оқушысы Убайда Бибінұр иеленді. 💐Құттықтаймыз!!!