Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары.
Жылдық жоспар 2021-2022ж Лауазымдық міндеттері |
Туған жері және туған жылы: 08.03.1969 жылы ОҚО, Ордабасы ауданы, Спатаев ауылы
Бітірген оқу орны: Халықаралық Қазақ-Түрік университеті М.Әуезов ат.Пед.институт, бастауышта оқыту педагогикасы және әдістемесі,1993ж
Педагогикалық еңбек өтілі: 34 жыл 4 ай
Біліктілік санаты: педагог-зерттеуші
Педагогикалық қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстары туралы мәліметтер:
ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы, ПШО ММК №0004576, 2014ж.
Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы, ПШО БЖ №025068, 2016ж.
Дәрежесі:
бірінші санатты басшының орынбасары 2020ж
Байланыс нөмірі: 87011256062
Электрондық адрес: tadzhibaeva_69@mail.ru
Еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап қанашама жас бүлдіршіндерге әріп танытып, оқуға, жазуға баулыды. Жас шәкірттері облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орынға ие болған. Соның ішінде «Қарынға салынған сары май» тақырыбында жетекшілік еткен ғылыми жұмысы Республикалық Зерде VII халықаралық байқауында жүлделі екінші орын алған.
Білім беру саласындағы қажырлы еңбектерінің жемісі ретінде жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталған. Одан бөлек, қаншама облыстық, қалалық, республикалық алғыс хаттар мен марапаттардың иегері.
2020 жылы «Lesson study-мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» атты авторлық бағдарламасы жарық көрген. Қалалық білімбасқармасы шығармашылық топ мүшесі. 2016 жылдан бері директор орынбасары қызметімен қатар, мектеп үйлестірушісі. Мектепте шығармашылық топ басшысы, шығармашылық топ мүшелерін үйлестіре отырып, білім сапасы төмен сыныптарды зерттеп, нәтижеге қол жеткізген. Әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, оның рухани жан дүниесінің бай болуына көңіл бөледі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды мақсат тұтқан ұстаз және білікті басшы. Ұжымда бастамашыл, көшбасшы, жаңашыл, ерекше орны бар ұстаз.